• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
28 Наурыз, 2015

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы  №255 

283 рет
көрсетілді

2014 жылғы 24 желтоқсан, Алматы қаласы Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік-құқықтық актілеріне бухгалтерлік есеп жүргізу, аудиторлық есепті жасау және ұсыну мерзімі, қаржылық есептілікті жариялау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Бухгалтерлік есеп жүргізу, аудиторлық есепті жасау және ұсыну мерзімі, қаржылық есептілікті жариялау мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Ұлттық Банк Төрағасы Қ.КЕЛІМБЕТОВ. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 255 қаулысымен бекітілген Бухгалтерлік есеп жүргізу, аудиторлық есепті жасау және ұсыну мерзімі, қаржылық есептілікті жариялау мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің тізбесі 1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы» 2008 жылғы 22 қыркүйектегі №79 қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5348 тіркелген, 2008 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілері жинағында №12 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарында: 2-тарауда: 3-параграфта: 3020-шоттың аты мынадай редакцияда жазылсын: «3020 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясынсыз банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қысқа мерзімді заемдар»; 4-параграфта: 4020-шоттың аты мынадай редакцияда жазылсын: «4020 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясынсыз банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған ұзақ мерзімді заемдар»; 3-тараудың 1-параграфында: 3020-шоттың аты мен сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын: «3020 «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясынсыз банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қысқа мерзімді заемдар» (пассив). Мақсаты: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясынсыз банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған өтеу мерзімі бір жылға дейінгі заемдардың сомаларын есепке алу. Шоттың кредиті бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясынсыз банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымнан алынған қысқа мерзімді заемдар сомасы жазылады. Шоттың дебеті бойынша ұйым алынған қысқа мерзімді заемдарды өтеген кезде олардың сомаларын есептен шығару жүргізіледі.»; 4020-шоттың аты мен сипаттамасы мынадай редакцияда жазылсын: «4020 «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясынсыз банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған ұзақ мерзімді заемдар» (пассив). Мақсаты: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясынсыз банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған өтеу мерзімі бір жылдан көп заемдардың сомаларын есепке алу. Шоттың кредиті бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясынсыз банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымнан алынған ұзақ мерзімді заемдардың сомасы жазылады. Шоттың дебеті бойынша ұйым алынған ұзақ мерзімді заемдарды өтеген кезде олардың сомаларын есептен шығару жүргізіледі.». 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Қаржы ұйымдарының аудиторлық есебін жасау және оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсыну мерзімі туралы» 2012 жылғы 27 шілдедегі № 223 қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7903 тіркелген, 2012 жылғы 10 қазанда «Егемен Қазақстан» газетінде № 659-664 (27736) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Аудиторлық ұйымдар қаржы ұйымдарының және «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының қаржылық есептілігі бойынша аудиторлық есепті жасайды және оны есепті жылдан кейінгі жылғы 30 сәуірге дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынады.». 3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Акционерлік қоғамдардың және қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті жариялау қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 31 тамыздағы №282 қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8003 тіркелген, 2013 жылғы 12 қаңтарда «Егемен Қазақстан» газетінде №16-20 (27959) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Акционерлік қоғамдардың және қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті жариялау қағидаларында: 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Қаржы ұйымдары және «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы қаржылық есептілікті жариялағаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмейтін мерзімде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Қағидалардың орындалуы жөніндегі мәліметтерді ұсынады.». Қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 10 ақпанда Нормативтік-құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10208 болып енгізілді.